30 Қараша 2018

«ƏУЛИЕАТА ЖƏДІГЕРЛЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Облыстық «ƏУЛИЕАТА ЖƏДІГЕРЛЕРІ» интерактивті байқауының ll кезеңі басталды.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 14 күні басталған байқауға облыстан 1000-нан аса оқушы қатысып, 150 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды.

Сайыс шарттарына сәйкес І кезеңде 5-10 сынып оқушылары bilim-olimp.kz сайтында өлке тарихына байланысты 30 сұраққа жауап берсе, ІІ кезеңде 25 сұраққа дұрыс жауап берулері тиіс.

11-12 желтоқсан аралығында интерактивті байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!