30 Қараша 2018

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ЖАҢА ФОРМАТТА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен бүгін алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған «Алғашқы әскери дайындық пәнін жаңа форматта оқытудың тиімділігі» тақырыбында семинар-практикум  өтті.

Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларына теориялық және тәжірибелік әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен іс-шарада оқытушы-ұйымдастырушылар өзара тәжірибе  алмасып, ақпараттық-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз етілді.

Облыстық білім басқармасына қарасты колледждер  және мектеп-интернаттарының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен өткен семинар жұмысына 25 иұғалім қатысты.