16 Қыркүйек 2020

АТА-АНАЛАРДАН АҚША ЖИНАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Білім басқармасы  білім бөлімдеріне және мектептерге ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын және ол туралы хаттар жолданып, ескертіліп отырады.
Білім мекемелерінде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы бұйрық шығарылған (23.04.2019ж).
Бұйрықты әрбір  мектеп басшысы мен мұғалімдер орындауға міндетті.
Ақша жинауға жол берген мектеп басшылығына тиісті шара қолданылатын болады.
Сондай-ақ, тұрғындардың арыз-шағымдары білім басқармасының сенім телефоны (43-88-39) және whatsapp желісіндегі  телефоны (8-708-980-31-51) арқылы  9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.