30 Қараша 2018

АУДАНДАРДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТТАР ӨТТІ

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 29 қараша күні  Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Семинар жұмысында әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Содай-ақ, білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Іс-шарада мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 283 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.