11 Қаңтар 2019

АШЫҚТЫҚ, ПРАГМАТИЗМ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

 «Ашық білім басқармасы» күндеріне орай, кезекті кездесу 11 – қаңтар күні Тараз қаласындағы №30  мектеп-гимназиясында өтті.  Жиынға 300дей педагог пен ата-ана қатысты. Оның жүзге жуығы басқарма басшысы мен бөлім басшыларының жеке қабылдауында болып, мұғалімдер жалақысы, электронды оқыту, креативті бағалау сынды өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Кең ауқымды іс шарада басқарма басшысы жаңартылған білім мазмұны, жаһандық бәсекеге қабілетілік, қағазбастылықтан арылу, педагог мәртебесі, цифрлы Қазақстан, шалғай ауылдардағы мектептердің де интернетпен қамтамасыз етілуі жайында тың тақырыптар қозғалды. Соның ішінде әр мектепте робототехника кабинеттерінің, IT сыныптардың ашылуы да сөз болды.