13 Наурыз 2020

АҚПАН АЙЫ – ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес «Ақпан айы – жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық  кеңес  беру  айлығы» атты психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді.  Кеңес беру айлығының мақсаты – оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру, білім алушылардың тұлғалық, зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамыту қабілетін қалыптастыру және психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру. Сондай-ақ, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер,   акция мен байқаулар өткізілді. Барлығы 79540 оқушы, 7685 педагог және 6247 ата-аналар қатысты.