21 Мамыр 2020

АҚЫЛЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ НЕМЕСЕ ҚАТЫСПАУДЫ АТА-АНАЛАР ӨЗДЕРІ ШЕШЕДІ

Егер баланы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлеп жатса, онда тиісті құзырлы органдарға шағымдану керек. Мектеп қабырғасында ақылы олимпиадалар өткізілмеуі керек. Ештеңеден қорықпау керек. Ақылы олимпиадаға қатысу немесе қатыспауды ата-аналар өздері шешеді. Олимпиадаға мәжбүрлі түрде қатысу үшін ақша талап етілсе, білім басқармасының Call-орталығына хабарласуға болады (43-88-39, 8-747-208-54-66).