28 Қараша 2019

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

           28 қараша күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып онлайн режимінде семинар өткізді. «Бастауыш сыныптарда саралап оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне және аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған семинарға облыстың 1379 педагогі қамтылды.