11 Қаңтар 2019

БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Ағымдағы жылдың 11-қаңтарында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Қысқы мектеп» жобасы аясында облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының биология пәні мұғалімдері «Cell Cycle(жасуша циклі)» биология пәнін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесінен» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді.

Биология пәні мұғалімдеріне арналған онлайн семинар жұмысы барысында педагогтар сабақты ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктерімен жіне әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Аталмыш іс-шараға облыстың  293 педагогі қатысты.