11 Қаңтар 2019

БІЛІМДІНІҢ КҮНІ ЖАРЫҚ

Ағымдағы жылдың 11-қаңтары күні «Ашық білім басқармасы» күндеріне орай Мойынқұм, Байзақ, Жуалы аудандарында кездесу өтті.

Жиынға бөлім басшылары мен кездесуге келген 430  адам қатысты. Білім саласына бей-жай қарамайтын 68- ге жуық ауыл тұрғындары мен педагогтар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиын барысында  осы жылдың 1-қаңтарынан ұстаздардың жалақысының көтерілуі, «Күнделік кз», «Білім ленд» сынды электронды бағытқа көшу, Мойынқұм сынды алыс ауылдардың да кең жолақты интернетпен қамтылуы, ұстаздарға арналған онлайн шеберхана жұмыстары талқыланды.  

Келесі кездесу Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында өтпек. Білім саласына қатысты көкейдегі сауалдарыңызды қойып, жауап алсаңыздар болады.