30 Қараша 2018

БІЛІМ  БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Осындай тақырыппен бүгін дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум  өтті.

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен семинарға аудандардан  пән әдіскерлері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, барлығы 45 мұғалім қатысты.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен іс-шарада мұғалімдер өзара тәжірибе  алмасып, ақпараттық-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз етілді.