2 Қыркүйек 2019

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

Құрметті Әріптестер!
Ардақты Ұстаздар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Сіздерге алдағы оқу жылында сарқылмас күш-қуат, шабыт тілеймін! Бала жанын ізгілендіре түсу мақсатында жасап жатқан жұмыстарыңызға абырой берсін! Ең бастысы- Ары таза, Иманы берік, Ұлттық Тәрбиемен сусындап өскен, Білімі жоғары, Өнерлі де Денсаулықтары мықты шәкірттеріңіз көп болсын!

Ізгі тілекпен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы.