5 Қыркүйек 2019

БІЛІМ САЛАСЫНА БАСА МӘН БЕРІЛДІ

4 қыркүйек күні білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы С.Есеев Тараз қаласындағы «Ер төстік» балабақшасының тәрбиешілеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.
Басқосу барысында бөлім басшысы «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауда білім саласына баса мән берілгенін айтты. Жиын соңында қатысушылар Жолдау бойынша өз пікірлерін ортаға салды.