Білім саласын цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс мектептерінде 3-сыныптан «Ақпараттық-коммуникациялық негіздері» пәні енгізілді.

Робототехника және бағдарламалау кабинеттерін енгізу үшін  «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығымен) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дырынды балаларға арналған IT лицей-интернаты ашылды  (20 қыркүйек 2018 ж). Лицей 300 балаға арналған және жаңа модификациялық, робототехника, web-бағдарламалау кабинеттері мен  STEM лаборатория, жоғарғы жылдамдықтағы интернет және ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен  жабдықталған.

Бүгінгі таңда 7-8 сыныптың 120 оқушысы білім алуда.

Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі 508 (100%)  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді.

Мектептерде 1-сыныпқа қабылдау ақпараттық жүйесі 187 (42,4%)  мектепке енгізілді. Жыл соңына дейін  254 мектепке толық енгізіледі  (5 мамандандырылған мектептерде балалар 7-сыныптан бастап қабылданатындықтан енгізілмейді).

Кәсіптік және техникалық білім беруді автоматтандыру жүйесі  48 (100%) енгізілді. «Intellect Software» ЖШС-мен келісім шарт жасалды.

Педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және вакансия кезегін автоматтандыру ақпараттық жүйесі 446 (100%)  мектепке енгізілді. «InCraft» ЖШС өкілдерімен ағымдағы жылдың 15-20 қазан  аралығында аудандарға барып, әрбір мектептің өкілдерін оқыту курсы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 131 жарияланған, 71-і  вакансия.

437 (98%) мектеп «Күнделік» жүйесіне қосылған (2017 ж-150 мектеп).

Жүйеге жалпы 412 355 пайдаланушы тіркелген (269592 пайдаланушы).

Жылдар Мұғалім Оқушы Ата-ана
2017 9592 78198 42467
2018 25 961 222 707 163 687

 

Анықтама: (2018 жылдың 15, 16 тамыз  күндері  «Kүнделік» ЖШС маманының қатысуымен «Күнделік» жүйесінде жұмыс істеу дағдылары бойынша облыстағы 160 мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен информатика пәні мұғалімдері оқыту курсынан өтті. Олар өз кезегінде 20-26 тамыз аралығында 21 740 қызметкерді оқытты, 25 қазан күні «Күнделік»  ЖШС-нің даму жөніндегі директоры А. Қонақбаевтың қатысуымен білім бөлімі басшылары мен мамандарға онлайн кеңес өткізілді).

Ағымдағы жылдың 19-25 қазаны аралығында «Күнделік» жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын пысықтау бойынша Байзақ, Жамбыл, Меркі, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жуалы аудандарында оқыту курстарын өткізген болатын, Қордай, Т. Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласында директорлар мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, информатика пәні мұғалімдеріне және ІТ мамандарға «Күнделік» жүйесі бойынша оқыту курстарын ұйымдастырды.

«Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына  446 (100%) мектеп қосылған. Оның ішінде 427 (95,7%) мектеп онлайн және 19 (4,3%) мектеп офлайн тәсілінде білім беру ресурстар порталына қосылады.

Интернет желісіне 446 (100%) мектептің барлығы толығымен қосылған,  оның ішінде:  416 (93,3%) мектеп 4 мегабит/сек-тен жоғары  (2017 ж-318 мектеп), 30 (6,7%) мектеп 4 мегабит/сек-тан төмен жылдамдықта (Жуалы -5, Қордай – 8, Мойынқұм -12, Талас-3, Шу-2 мектеп).

Бүгінгі таңда облыстың жалпы орта білім беретін 446 мектебі оқу үдерісінде пайдаланатын 24 257 дана компьютермен жабдықталды (2017ж-20366 компьютер). Оның ішінде, дербес компьютер-1646, интерактивті құрылғы-364, жаңа модификациялық кабинет 73 (199 компьютер), құрылыспен алынғаны-545, демеушілікпен–232,үнемделген қаржыдан алынғаны-961, робототехника кабинеті есебінен -641, IT сынып есебінен-13, әкімшіліктен оқу үдерісіне ауыстырылғаны -203(есептен шығарылғаны-913).

Облыс мектептерінде 10 908 оқу кабинетінің 7158-і (65,6%)  компьютермен қамтамасыз етілді.

3750 (34,4%) оқу кабинетін компьютермен (Байзақ-423, Жамбыл-192, Жуалы-241, Қордай-649, Меркі-157, Мойынқұм-244, Т.Рысқұлов-273, Сарысу-158, Талас-460, Шу-247, Тараз қ.-706) жабдықтау керек.

Ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен 429 (96%) мектеп жарақтандырылды. (73 мектеп электрондық оқыту жүйесі есебінен, 324 жергілікті бюджет есебінен, 32 мектеп демеуші есебінен жарақтандырылған)

Анықтама үшін:

Бүгінгі таңда Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Талас аудандары мен Тараз қаласының мектептері  толығымен ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған.

Ағымдағы жылы  аудандар мен Тараз қаласында 14  IT-сынып  ашылды.

2018 жылдың 2-11 қазан аралығында  «Болашақ Инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарының өткізуімен  IT  сыныптарда оқытатын 25  мұғалімнің 23-і  курстан өтті.

Бүгінгі күні IT-сыныптарына 1335 бала қамтылды (ДЮЦ-80, Байзақ- 120, Жамбыл-60, Жуалы-40, Қордай -170, Меркі-40, Мойынқұм-50, Т.Рысқұлов-70, Талас-200, Сарысу-70, Шу-70, Тараз-200, Дарын-165).

Жылына 2300 бала қамтылады.

ІТ сыныпта оқушылар:

  • бағдарламалау және робот техникасының негіздері бойынша әлемдік білім беру стандарты негізінде терең білім алады;
  • RENGER, Arduino, Lego, Мейблок, т.б. құрылғыларымен жабдықталған заманауи робототехника негізін үйрететін, программалау мен құрастыру әдісін түсіндіретін оқыту бағдарламасы бойынша оқиды;
  • ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салалар да бір мезгілде дамытатын STEM білім беріледі; бағдарламалауды (Си плас-плас, Питон тілдерінде), Веб-бағдарламалауды, ойындар құрастыруды, 3D-моделдеуді үйренеді

Бүгінгі таңда облыс көлемінде  152 (34%) мектеп робототехника кабинетімен  жабдықталған (оның ішінде: 2017 жылы- 32 мектеп).

615 информатика пәні мұғалімі робототехника курсынан өткен.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында «Logitex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялау есебінен Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясында «Қауіпсіз мектеп» жобасы іске асырылды.

Бүгінгі күнде 1552 оқушының ЖСН-і базаға енгізілді.

Аталған жоба білім мекемесіне бөгде адамдардың кіруін барынша қауіпсіздендіріп, оқушылардың сабаққа қатысуын, олардың келу және кету уақытын білуге мүмкіндік береді. 

«Қауіпсіз колледж» жобасы бойынша ЖПК, №6, 12, 1, 13  колледж-дерге турникеттер орнатылды («Novacom Tehnology» ЖШС).   

Анықтама үшін:

Әрбір колледжге карточкамен немесе саусақ ізімен жұмыс істейтін 2 турникет, 2 видеокамера,  тұлғаның түр-әлпетін тану жүйесі, 1 ақпараттық киоск орнатылды (бағдарламасы сатып алынбаған).

 

2019 жылы төмендегі қызметтер автоматтандырылады:

  • Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  • Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
  • Мамандандырылған мектептерге қабылдау жүйесін автоматтандыру (өтініштерді қабылдау, тестілеу, мектепке қабылдау).

Мектептердің компьютерлік сынып базасында «Ашық үкімет», «Базалық цифрлық дағдылар», «Электрондық сауда», «Электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»тақырыптарында,  «Күнделік», «Bilimland» жүйелерінің мобильдік қосымшаларын қолдану бойынша мамыр-қыркүйек аралығында  133 877 адам цифрлық біліктілікті арттыру курсынан өтті (оның ішінде: 53 035-ы  8-11 сынып оқушылары, 21 925-і колледж студенттері, 58 917-сі білім саласының қызметкерлері).

Барлық білім бөлімдері мен мектептерде сайттар ашылған.