12 Ақпан 2020

ВОЛОНТЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12-ақпан күні Жамбыл медициналық жоғарғы колледжінің 84 жыл толуына орай және Волонтер жылы аясында білім мекемесінде “Жүректен жүрекке” волонтерлер орталығының ашылу рәсімі өтті.
Орталықта жастар бас қосып, алдағы жоспарлары мен бағдарламаларын тылқылайтын болады.
Салтанатты шара барысында студенттер колледждегі телестудияда қонақтарға өздерінің волонтерлік қызметтері туралы презентация жасап, атқарған іс-шаралары туралы толық ақпарат берді.
Коолледждің 200 еріктілерінен құралған «Жүректен жүрекке» және «От сердца к сердцу» қозғалысының жастары қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, қарттарға қайырымдылық жасауда.