29 Қараша 2019

«ДАРЫН» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

27 қараша күні білім басқармасының ұйымдастыруымен дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей -интернатының базасында қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндері бойынша 5-сынып оқушыларына арналған «ДАРЫН» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
         Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін шыңдау.
         Барлық қатысушыларға арнайы сертификат берілді. Олимпиада барысында жүлделі орын алған оқушылармен алдағы уақытта лицей-интернаттар базасында олимпиадаға дайындық сабақтары жүргізілетіндігі атап өтілді.