13 Ақпан 2020

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ МЕН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

13-ақпан күні оқу-әдістемелік кабинетінің Zhambil_obl_UMC бөлмесінде  сынып жетекшілерге, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған  «Девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау мен зерттеу мәселелерін шешу жолдары»  тақырыбында  облыстық  онлайн семинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  856  педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру мен  психологиялық  қызметті жетілдіру бойынша әдістемелік көмектер алып, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.