30 Қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында облыстың педагог қызметкерлеріне арналған «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен ғылыми-практикалық конференциясының жұмыс мазмұны пленарлық және секциялық отырыс форматында өтті. Іс-шара барысында білім қызметкерлері тақырып бойынша тұжырымды ойларын ортаға салды. Жиын соңында конференция материалдарының жинағы жарияланды.
Іс-шараға облыс көлемінде жалпы орта білім беретін мектептердің 160 педагогы қатысты.