5 Қыркүйек 2019

ЕРТЕ НЕКЕНІҢ ЕРТЕҢІ КҮМӘНДІ

28 тамыз күні «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі Меркі ауданының тұрғындарымен «Ерте некенің ертеңі күмәнді» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу әрбір қыз баласына жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты, ұлттық кодымыз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Білім басқармасының қолдауымен өткен шараға жиынға қоғамдық бірлестік басшысы, Меркі аудандық дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, аудандық кәмелекте колмағандардың құқытарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы және аудандық полиция бөлімінің тобының аға инспекторы қатысып, тақырып бойынша пікірлерін ортаға салды.