8 Ақпан 2019

ЕСЕПТІ ЖИЫН ӨТТІ

8 ақпан күні облыстық білім басқармасының саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатының 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есепті жиын өтті.

 Есепті жиынға білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова, мекеме серіктестері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының біріккен комитеті»  филиалының төрағасы Ж.Орынбеков, Жамбыл облыстық «Өрлеу» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессоры Ш.Тойганбекова, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Ж.Мамашева, қамқоршылық кеңестің мүшелері, ювеналды полиция қызметкері Ф.Халматов, ата-аналар, мектеп қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында мектеп-интернатының директоры Азата Назаралиева мекеменің жыл бойы атқарған жұмыстары мен алдағы жылға жоспарлары туралы баяндама оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.