14 Наурыз 2019

ЕСЕПТІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ?

14 наурыз күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде 8-сынып оқушыларына  математикалық сауаттылығы бойынша «Математикалық тапсырмалар арқылы айнымалылар арасындағы тәуелділікке тапсырмаларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

 «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында өткен семинар жұмысына барлығы 782 оқушы қатысты. Семинар барысында оқушылар күрделі есептерді жылдам және уақытты тиімді пайдалана отырып шығару әдістерін үйренді.