29 Шілде 2020

«ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

29 шілде күні білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Жазғы демалыс – 2020» бағдарламасы  аясында мектеп оқушылары арасында даңқты спорт жұлдызымен онлайн түрде таңғы жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдерге денсаулық баға жетпес байлық екенін түсіндіру және бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Таңғы жаттығуды онлайн түрде өткізген каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Орта Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері – Досанов Нүркен.