2 Қыркүйек 2019

ЖАМБЫЛДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЖОЙЫЛДЫ

Байзақ ауданында 120 орындық Ақшолақ мектебі оқушыларға есігін ашты. Аталмыш білім мекемесі облыстағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешті.
Осылайша өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен жойылды.
Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 17 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар.
Биыл мектепте 182 бала (17 сынып) 2 ауысымда оқитын болады.