10 Қаңтар 2020

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖЕҢІПАЗ АТАНДЫ

7-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен
Халықаралық Робототехника байқауына жамбылдық жастар алғаш рет қатысып, жеңіспен оралды.
Құлтемірлер сайысы робототехникаға қызығушылығы бар барша жеткіншектер арасында ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстанның Білім-Инновация лицейлерінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық физика-матеметика мектебінің оқушылары мен өзге мемлекеттерден үміткерлер қатысты.
ІТ лицейінің 8-сынып оқушыларынан құралған (Бейбіт Мұрат, Кемелбек Рамазан, Ботпай Әлібек) “The future” командасы VEX IQ номинациясы бойынша 14 команданың арасынан суырылып шығып, командалық есепте 2-орын иеленсе, “CREATE AWARD” номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алды.
Ал “0% -RISK”командасы финалға өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды.