9 Қаңтар 2020

ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БИІГІНДЕ

Өңірдің 30 педагогі Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды. 6-8 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға облыстың 35 ұстазы қатысқан болатын. Нәтижесінде 30 педагог (І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын-18 мұғалім, алғыс хаттармен-8 мұғалім) жеңімпаз атанды. Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!