13 Қаңтар 2020

ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

🔴 ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастырумен 8-12 қаңтар күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері арасында II Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.
🔵 Тартысты байқау нәтижесінде ІII орынды – Тараз қаласындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Айбек Муратбаев жеңіп алса, Тараз қаласы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Кеңесов, дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей – интернатының физика пәнінің мұғалімі Жамбыл Ажибаев және ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі Мақсат Сарыбаев жүлделі IV орындарды иеленді.
👍Педагогтарды жеңістерімен құттықтаймыз!