8 Қаңтар 2019

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «Ашық білім басқармасы» күндеріне орай, білім басқармасының басшысы және бөлім басшылары аудан педагогтарымен, ата-аналармен кездесу өткізді.
Жиын барысында білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша сөз қозғап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында қатысушылар білім басқармасының орта білім, мектепке дейінгі тәрбие, тәрбие және қосымша білім және білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығы мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы басшыларының жеке қабылдуында болып, өздерін қызықтыранытын сұрақтарына жауап алды.