12 Қазан 2018

ЖАМБЫЛ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНДАРЫ МЕН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТТАР ӨТТІ

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 11 қазан күні Жамбыл, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Әдістемелік сабақ барысында әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Іс-шарада мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 190 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.