13 Тамыз 2019

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1 СЫНЫПҚА ӨТІНІШ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Облыста балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1 сыныпқа қабылдау (eduschool.kz), техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау (zhambyltipo.kz) жүйесі 100% автоматтандырылды. 
Бүгінгі күні мектепке 1 сыныпқа 13938 электронды өтініш беріліп, 13512 бала қабылданды. Мектепке дейінгі білім мекемелеріне 10703 балаға электронды жолдама берілді. 
Аталмыш жүйе ашықтықты қамтамасыз етеді.