8 Ақпан 2019

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ: КЕЛЕШЕГІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

8 ақпан күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру аясында мектептегі тәрбие жүйесі: келешегі мен мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған семинар жұмысвна барлығы 43 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты – білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.