13 Тамыз 2019

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

13 тамыз күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында орта білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы секция отырысы он-лайн режимінде облыстық   оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында өткізілді. Секция жұмысына аудандық (қалалық) білім  бөлімдерінің 923 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.    Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану,  пән  мұғалімдеріне қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  алынатын жазба жұмыстары мен оған қойылатын талаптар туралы, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін оқу мақсаттарына сәйкес таңдау жайлы мол мәліметтер беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.