10 Сәуір 2019

ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлелерін түсіндіру мақсатында 10 сәуір күні оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Онлайн семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен кітапханашылар, барлығы 723 педагог қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесіндегі әріптер емлесі, түбір сөздер емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздер емлесі, бірге жазылатын сөздер емлесі туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Онлайн жұмысының жүргізілу барысында мұғалімдер латын негізді әліпби бойынша құрылған шағын мәтіндермен жұмыс түрлерімен таныса отырып, лингвопсихологиялық дискомфортты болдырмау жолдарымен танысты.