12 Қазан 2018

ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін білім басқармасының мәжіліс залында білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова «Менің ұлағатты ұстазым» атты акциясының жеңімпаздарына және барлық қатысушыларға Алғыс хат тапсырып, пайдалы әрі қызықты кітаптар тарту етті.
Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған акцияға облыстың 2,3,6 және 7 сынып оқушылары қатысып, ұстаздарын әлеуметтік желі арқылы құттықтады.