11 Қазан 2018

ЖУАЛЫ, ҚОРДАЙ, Т.РЫСҚҰЛОВ, ШУ АУДАНДАРЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТТАР ӨТТІ

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 қазан күні Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсеттіп, білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Әдістемелік сабақтарға мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 301 педагог қатысты.