29 Мамыр 2018

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Жылдың үздік психологі» атты облыстық  байқау өткізілді.
Байқауға 3 жыл, 3-7 жыл және 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 16 педагог-психологтар қатысты. Байқауға қатысушы педагог-психологтар «Психолог тұғырнамасы», «Авторлық бағдарламаның таныстырылымы», «Психолог тәжірибесінен» атты  кезеңдерде шығармашылық жұмыстарымен және кәсіби біліктілігін көрсететін материалдармен таныстырды.
Қазылар алқасы педагог-психологтардың өз саласының теориясы мен әдістемесіне, кәсіби шеберлігінің деңгейі мен қызметінің қазіргі заман талабына  сай ерекшеліктеріне және тәжірибеде педагогикалық-психологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.
Облыстық байқауда жеңімпаз атанған педагог-психологтар республикалық кезеңге қатысатын болады.