7 Қараша 2018

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгін Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін орта білім беру мекемелерінің оқу процесіне енгізу мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары және директорлық қызметке резервте тұрған мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 95 адам қатысты.

       Дөңгелек үстел барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық  тәжірибесін тарататын мектептердің директорлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алмасып, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.