6 Қараша 2018

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНАН – КОМАНДАЛЫҚ 1 ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қараша айының 2-3 күндері аралығында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп инетрнатында республикалық «Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар байқауы өтті.

Республикалық додаға еліміздің әр аумағынан келген 16 команда қатысып, 9 аталым бойынша сынға түсті. Жоба жұмыстары зерттеп отырған мәселенің өзектелегі, жүргізген зерттеудің көлемі, зерттеу тақырыбы, зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, демонстарциялық материалды түсіндіру кезіндегі оқушының шешендік өнері сынды критерийлер бойынша бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Байқау нәтижесінде Жамбыл облысының командасы инновациялық идеялар   байқауында командалық 1 орынды жеңіп алып, үздіктер қаарынан көрінді. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы Техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Пак Никита «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» номинациясы бойынша, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Саухымбек Сұңқар «Әскери техникалық саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленсе, Байзақ ауданындағы Бурыл орта мектебінің оқушысы Баймбетов Нұрмахан «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» номинациясы бойынша және Сарысу ауданындағы Техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Айтқұл Әміржан «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Ал  Тараз қаласындағы Техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Астахов Николай «Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Айта кететін жайт, 14 қыркүйек күні Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде аталған байқаудың облыстық кезеңі өтіп, жеңімпаздар Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алған болатын.