4 Қыркүйек 2019

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

4 қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында «Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алудың Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мәселелері» тақырыбында облыстық прокуратура, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының өкілдерімен, білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен, мектептер мен колледждердің басшылары, тәрбие, құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарларымен кеңес өткізілді.

Кеңесте білім басқармасы басшысының орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы, Жамбыл облыстық прокуратурасының аға прокурорыТаштамиров Шавкат Сматылдаұлы, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Жақсылықова Бахыт Сауқымбекқызы баяндама оқыды.

Кездесуде білім бөлімдері мен мектеп басшылары тарапынан ұсыныстар беріліп, ұсынымдама қабылданды.