13 Тамыз 2019

КОЛЛЕДЖГЕ ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

1 қыркүйекте 46 колледж жаңа оқу жылына кіріседі. Олардың 23 мемлекеттік болса, 23 мемлекеттік емес колледждер.
2019-2020 оқу жылына 29 колледждегі 47 мамандыққа 3082 орынғамемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді., оның 57%«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білімі беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарына берілді.
Биылғы жылы облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласын автоматтандыру мақсатында zhambyltipo.kz сайты іске қосылды.Сайттан облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар, білім мекемелеріндегі бос орындар, колледжер мен ондағы мамандықтар туралы толық ақпарат алуға болады.
Сондай-ақ, сайтта колледжге оқуға түсу үшін өтініштер электронды қабылданады. Колледждерге құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Дуалды оқыту жүйесі 35 колледжде енгізіліп, 193 кәсіпорынмен үш жақты келісімшарттар жасалған. Мұнда 3429 студент қамтылған.
Сонымен қатар, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Құлан агротехникалық колледжінде «WorldSkills» стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы құрылды.