7 Ақпан 2019

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің студенттері «Қазақстанның Еңбек Ері», «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевпен кездесті.

Еркін форматтағы кездесуге білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің ұстаздары мен студентеттрі қатысты.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған кездесу барысында Сайрамбай Дөненбаевжиналғандарға еңбек жолымен, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, студенттер Еңбек еріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар, кездесуде сөз алған білім басқармасының басшысыЕңбек ері Сайрамбай Дөненбаевқа жастармен кездесіп, еңбек жолымен бөліскіні және өз туған жерін түлетуге ат салысқандығы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Сайрамбай Дөненбаевоқу орнының жаңартылған материалдық-техникалық базасымен, құзыреттілік орталықтарымен, «Ұлы Дала өркениеті» тарихи орталығы және «Сазды әуен» караоке орталығымен танысты. Сайрамбай Дөненбаев1996 жылы «Шәушен» шаруа қожалығын құрып, бүгінде Жарлысу ауылының 220 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.