21 Мамыр 2020

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20 мамыр күні білім басқармасының қолдауымен Жамбыл медициналық жоғары колледжі, №16 Жуалы колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі және Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директорлары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Жуалы ауданының оқушылары мен ата-аналарына онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне үміткер 9, 11 сынып түлектеріне колледждегі оқу үдерісі, сұранысқа ие мамандықтар, 2020 жылға бөлінген ГРАНТТАР туралы ақпараттар берілді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта Тараз қаласы мен өңірдің барлық аудандарындағы 9, 11 сынып түлектеріне өткізілетін болады.