22 Мамыр 2020

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

21 мамыр күні білім басқармасының қолдауымен Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің, № 3 Байзақ колледжінің және Тараз сервис және технология колледжінің директорлары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Байзақ ауданының оқушылары мен ата-аналарына онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне үміткер 9, 11 сынып түлектеріне колледждегі оқу үдерісі, сұранысқа ие мамандықтар, 2020 жылға бөлінген ГРАНТТАР туралы ақпараттар берілді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта Тараз қаласы мен өңірдің барлық аудандарындағы 9, 11 сынып түлектеріне өткізілетін болады.