10 Желтоқсан 2019

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 10 желтоқсан күні қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережесін қолданудың тиімді жолдарын меңгеру мақсатында облыстық семинар-тренинг өтті. Облыстық семинар-тренингке аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 45 мұғалім қатысты.