12 Қазан 2018

МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ

Бүгін Тараз сервис және технология колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы өтті. 
Іс-шараға 8-11 сыныптарда оқитын 200-ге жуық оқушы қатысып, «Осындай мамандық бар» атты компьютерлік презентациялар байқауы, «Мамандықты таңдайтын уақыт» жобалар байқауы, «Мен маманадықтар әлемінде» әдеби байқау және «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» атты көңілді тапқырлар клубы сайысы номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Қазақстанда сұранысқа ие болашақ мамандықты сәтті таңдау және білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында ұйымдастырылған сайыс соңында жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.