МЕДИАЦИЯ – МӘМІЛЕ АЛАҢЫ

2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады.
Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі. Ұсақ – түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын түрлі қиындқтардан құтқарады.