15 Қыркүйек 2020

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  10 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Интеллектум ойынының баланың дамуына әсері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Іс-шара барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және бала дамуында интеллектум ойынының маңызы туралы ақпараттар беріліп, педагогтер электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға облыстың  100 педагогі қамтылды.