13 Тамыз 2019

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРДЫ ІЗДЕЙДІ

Жамбыл облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 30 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі. 
Игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 
Білім басқармасында азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында «жедел желі» телефондары қызмет етеді: 43-88-32, 43-88-42, 43-88-41.
Осы жылы алғаш рет «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды. Аталға сайт көп балалы және аз қамтылған отбасылардан өтініштерді жыл бойы қабылдайды. 
Балалар жүрегін қуанышқа бөлейтін дәстүрлі акцияға мейірімді жандар өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.