6 Ақпан 2019

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы аясында 5 ақпан күні білім басқармасы жанынан құрылған ведомствоаралық сараптама тобының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров оқушылардың қалай тамақтанатынына зерделеу жұмыстарын жүргізіп бірқатар білім ордаларына барды. 
Атап айтсақ, білім басқармасына қарасты Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», Н.Тлендиев атындағы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балаларға арналған, соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернаттарына және дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының асханалары арнайы зерделенді.
Аталмыш жоба аясында партия мүшелері мектеп оқушыларының тамақтану үрдісіне мән беріп, олардың дұрыс тамақтануына, салауатты өмір салтын ұстануына көңіл бөлуде.
Жиын соңында сараптамы тобының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының жұмысымен, робототехника кабинеттерімен танысты.