8 Ақпан 2019

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ ӨТТІ

8 ақпан күні облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінде қәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасау себептері мен оларды жасауға әсер ететін факторлар» атты директорлар кеңесі өтті.

Облыстық іс-шараға білім басқармасының мамандары, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партиялық комиссиясының, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті ювеналды полиция бөлімінің өкілдері, облыстық директорлар кеңесінің мүшелері және директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары, барлығы 137 адам   қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар облыстағы жасөспірімдердің құқықбұзушылық фактілерінің алдын алу, кәмлет жасқа толмағандардың қылмыс жасау себептері мен оларды жасауға әсер ететін факторларды болдырмау шаралары, жасөспірімдердің құқықтық  бұзушылыққа итермелейтін себептерді қалай азайтуға болатыны  туралы пікір алмасып тұшымды ойларымен бөлісті.