13 Наурыз 2020

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ 16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАДЫ

2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады. Ал техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту түріне көшеді. Балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы бұрынғыша жалғасатын болады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Бұл бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Бекбатырова және білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Д.Үскімбаева білім бөлімдерінің басшыларына бейнебайланыс арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін жайт, 13-наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.